Қытайдың солтүстік-батысында халал өнімдердің сыртына арабша жазуға тыйым салды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Global Times басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, өнім этикетіндегі өзгеріс туралы шешім Нинся-Хуэй автономды ауданында қабылданды. Учжун және Иньчуань қалалық округтерінде араб тілінде жазылған мейрамхана мен дүкен атауларын да өзгерту міндеттелді. Енді «халал өнім» деген сөз иероглифтермен және ниньиннің көмегімен жазылуы керек. Кейбір супермаркетте этикеті өзгермеген халал өнімдер сөрелерден алынып тасталды.
Бұл осы аудандағы жалғыз өзгеріс емес. Наурыз айында араб сәулеті мен қытайдың дәстүрлі сәулеті үйлескен көшені қайта өзгерту жұмыстары басталды. Жоспарға сәйкес, үйлесімді әрі біркелкі атмосфера болу үшін барлық ғимарат қытайлық дәстүрлі стильге өзгертіледі. 2016 жылы араб әлемі мен Қытайдың жақсы қарым-қатынасын сипаттау мақсатында осы көше құрылысы салына бастаған.
Оқи отырыңыз:
Сіз айтқандай жоғалып кеткен жоқпын — Маржан Сұлтанбай
Әлін білмеген әлек: Балғынбек Имашев 120 келі тартатын қошқарды көтерем деп, аяқ-қолын ауыртып алды