Әлін білмеген әлек: Балғынбек Имашев 120 келі тартатын қошқарды көтерем деп, аяқ-қолын ауыртып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлін білмеген әлек: Балғынбек Имашев 120 келі тартатын қошқарды көтерем деп, аяқ-қолын ауыртып алды

Әлін білмеген әлек: Балғынбек Имашев 120 келі тартатын қошқарды көтерем деп, аяқ-қолын ауыртып алды

Бұған дейін келіннің сәлем салуы дұрыс емес дегенді ишаралап, басы дауға қалған айтыскер-ақын Балғымбек Имашев енді салт-дәстүрді насихаттай бастапты.

  • 27 Наурыз 2018
  • 105
Фото - Caravan.kz


Дінге бет бұрғалы айтыссүйер қауым оны киелі сахнадан да жоғалтып алған. 2 жыл бұрын Балғынбек айтыстан біржола кететінін мәлімдеген. Есесіне ол енді Бекболат Тілеухан басшылық ететін ұлттық ойындарды насихаттап жүр.

Жуырда ғана ақын Қаскелеңдегі Наурыз тойына қатысып, «Дәл басу» ойынын жұртқа дәріптепті. Яғни, жұрт алдына шығып, 120 келі тартатын қошқарды көтерген. Бірақ, шамасы келмеді ме, әлде дұрыс көтермеді ме, әйтеуір белі мен аяқ-қолын ауыртып алыпты. Бұл туралы Балғынбектің өзі Instagram-парақшасына жазған.

«Мынау "Дәл басу" деген ұлттық ойын. Мойныңа салмағы 100 келіден асатын қошқарды салып алып, ұзын бөрененің үстінен жүріп өту керек. Қошқардың салмағымен теппе-теңдікті сақтай отырып, енді жүре бастасаң, ол ышқынып қозғалады, секірмек болады, яғни, тепе-теңдікті сақтап мәреге жету — жігіттің жігітіне ғана бұйырады (маған бұйырмады). Көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату сияқты — бұл ойында жауынгерлікке, мықтылыққа, ептілікке, батырлыққа тәрбиелейді. Алматы іргесіндегі Қаскелең шаһарында қазақтың ақылды ару қызы мұрындық болып өткізген Наурыз тойына барып, шағын ақындар айтысын жасап бердік. Кезек ұлттық ойындарға келгенде көрермен болып тұра бермейін деп белбуып белсене араласып кеттім. Өзім серпіліп, жұртым желпініп қалды. Бес ұлдың әкесі болғандықтан ұлдарымның нағыз ер мінезді, балуан білекті, батыр жүректі болуын қалаймын, енді оларға өзім үлгі болмасам кімге қарап бой түзейді? 110 келі ақ қошқарды арқалап бөренемен жүргеннен бе, 120 келі қара қошқарды мойынға сап көтеруден жарысқаннан ба, бүгін ұйқыдан тұрғаннан аяқ-қолым ауырып, әрең қозғалып жүрмін», — деп жазды ақын өзінің Instagram-парақшасында.

Соңғы жаңалықтар