Жарияланды: 520

Қытайда көлік жүргізетін әйелдерге арналған бөлек тұрақ жасалды

Қытайда көлік жүргізетін әйелдерге арналған бөлек тұрақ жасалды

Біздің  заманымызда қалыптасқан стереотиптердің бірі әйелдер көлік жүргізе алмайды деген. Көпшілік жол-көлік оқиғасының басым бөлігі осы әйелдердің  қатысуымен орын алады деп есептейді. Олардың арасында әйелдер көлік жүргізуден түбегейлі бас тартса, жол қауіпсіздігі айтарлықтай сақталады дейтіндер де көп.

Қытайдың оңтүстік-шығысында  шенеуніктер осы бір қалыптасқан стереотипты жаңа сатыға көтерді. Олар әйелдерге арналған арнайы көлік тұрағын жасады. Сондай-ақ, оны әдеттегіден 50%-ға кеңейтіп, сызықтарды күлгін түске бояған. Сол маңдағы 370 тұрақтың 8-іне осындай өзгеріс енгізген. Шенеуніктер енді әйелдер кең тұрақта бірін-біріне түйіспей, апатсыз жүреді дегенге сенім білдірген.

қыздар3

Жобаның жетекшісі Пань Чжужэнь  БАҚ-қа берген сұхбатында  мұндай шешімге келуінің бірден-бір себебі, көптеген әйелдер әдеттегі тұраққтарға көліктерін қоюда қиналады деп жауап берген. Оның ойынша әйелдердің көбі көлікті тұраққа арқаға жүру арқылы қоюға қиналады. Кей қыздар тіпті өзіне сенімсіз болса да тәуекел етемін деп өзге көліктерді сырады, деп жауап берген.

Чжужэнь күлгін түсті сызығы бар тұрақтар тек әйелдерге арналғанын растайды. Жобаның мақсаты- барлық адамға жол жүру кезінде тиісті жағдай жасау.

қыздар5

Бұл тұрақтар осы жылдың наурыз айында жасалған. Бірақ, жоба жетекшілері  бастамаға қарсы пікірлер мен көзқарастарды енді ғана ала бастаған.

қыздар2

Негізінде әйелдерге бөлек тұрақ жасау бастамасы Қытайда бірінші рет болып отырған жоқ. Бұған дейін мұндай тұрақ Австралия, Швейцария және Германияда болған. Олар өз еліндегі әйелдерге көлік жүргізіп бастаған кезде қиналмай үйреніп кету үшін жасалған еді.

Ең қызығы Қытайда болған жол көлік оқиғасына себепкер еркектердің саны әйелдерге қарағанда үш есе көп екен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін