Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 304-ке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 304-ке жетті

Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 304-ке жетті

1 ақпандағы жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 304-ке, ал вирус жұқтырғандардың саны әлем бойынша 14 380-ге жетті.

  • 2 Ақпан 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы РИА новости ҚХР денсаулық сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік комитет мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.

Осыған дейін жұқпалы аурудан 259 адам қаза тауып, 11 791 науқастанып жатқаны айтылған еді.

"1 ақпандағы түн жарымдағы жағдай бойынша ҚХР денсаулық сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік комитеті 31 провинциядан алған мәлімет бойынша 14 мың 380 адам коронавирустың жаңа түріне шалдыққан, оның ішінде 2110 адам ауыр халде жатыр. 304 адам қаза тапты. 328 адам ауруханадан шығарылды", — делінген жарияланған хабарламада.

Бір тәулікте осы ауруды жұқтырған 2590 дерек тіркелген. Гонконгта 14 адам, Макаода 7 адам және Тайваньда 10 адам науқастанған. Филиппинде Ухан қаласының 44 жастағы тұрғыны 1 ақпанда қайтыс болды.

Сонымен қатар, 19 544 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген күдікпен тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта науқастармен тығыз байланыста болған 137,6 мың адам бақылауға алынған.


Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

Соңғы жаңалықтар