Hurun институты зерттеулердің барысында осында мәліметтер пайда болды, деп хабарлады Бизнес-жаңалықтар агенттігі.
Қазіргі кезде Қытайда 10 млрд. юаньнан астам дәулеті бар бір миллионға жуық адам тұрады. Бір жыл ішінде олардың саны 3,8 пайызға артты. Дегенмен, бұл көрсеткіш 2010 және 2011 жылдардағыдан аз. Сарапшылар мұны қытай экономикасының баяулауымен байланыстырады.
Атап өтерлігі, 100 млн. юань (16 млн. доллар) жеке қаражаты бар Қытай тұрғындарының саны 2013 жылы 2500 адамға өсті. Қытайда қазірде 67 мың миллиардер бар.