Қытайда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің антитеррорлық оқу-жаттығулары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің антитеррорлық оқу-жаттығулары басталды

Қытайда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің антитеррорлық оқу-жаттығулары басталды

ДУШАНБЕ. 6 тамыз. Kazakhstan Today. Қытайда бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің "Бейбіт миссия-2007" атты антитеррорлық оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Тамыз 2007
  • 449
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқу-жаттығуларға Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше алты елден 5 мыңнан астам әскери қатысады.

Сценарий бойынша оқу-жаттығулар екі кезеңге бөлінген. Бірінші дайындық кезеңі тамыздың 6 мен 11 аралығында Үрімжі қаласында өтеді. Антитеррорлық оқу-жаттығулардың сценарийіне сәйкес, «ірі лаңкестік топтың іс-әрекеттері туралы ақпаратты алған Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің басшылығы саяси консультациялар өткізу үшін Қытайда жиналады. Кездесу қорытындысы бойынша 11-тамызда жауға қарсы жауынгерлік шабуылға кірісуге шешім қабылданады»,- деп хабарлайды Тәжікстан қорғаныс министрлігі.

РФ Челябинск облысының Шұбаркөл полигонында 11-17-тамызда өтетін екінші кезең барысында тікелей оқу-жаттығулар өткізіледі. Онда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің әскери топтарының өкілдері лаңкестерді бейтараптандыру мен жою шараларының егжей-тегжейін пысықтайды.

Осы оқу-жаттығулардың барысында 40-тан астам түрлі дағдарысты ахуалдарға қарсы тұру бағытындағы дайындықты зерделеу жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті