Жарияланды: 340

Қытайда су тасқыны салдарынан ондаған адам қаза тапты

Қытайда су тасқыны салдарынан ондаған адам қаза тапты Сурет - AFP 2017/Stringer

Қытайдың оңтүстік-шығысында су тасқынынан 40-тан аса адам қаза тапты. Хунан провинциясындағы Нинсян уезінде тұратын 815 мың адам су тасқынынан зардап шеккен, әзірше қаза тапқан және жоғалып кеткен деген статус 44 адамға берілгенін жазады "Жэньминь жибао" басылымы.

Уезде бұл апаттың соңғы 60 жыл бақылауда болған ең ірісі саналып отыр. 22 маусымнан 1 шілдеге дейінгі уақытта жылдық жауын-шашын көрсеткішінің 31,8 пайызы немесе 4611 миллиметр түскен. 30 маусым мен 1 шілде аралығында жауын-шашын ең көп түскен, түскен деп хабарлайды Tengrinews.kz шетелдік дерек көздеріне сүйеніп.     

Апаттан 14 мың үй қираған, су бөгеті мен 70 көшедегі жол бұзылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 22 мың гектардан аса жерді су басқан, 13 елді мекен электрсіз, ал жеті елді мекен байланыссыз қалды. Алдын ала есепке қарағанда, тікелей және қосымша экономикалық шығын - 9 миллиард юань (1,3 миллиард доллар).

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін