Қытайдағы ҚР Елшілігінде Қазақстан азаматтарына көмек көрсету үшін «жедел желі» қызметі ашылды. Ол жерден Қытайдағы туыстарының жағдайын білуге болады. Желінің телефон нөмірлері: : +86-137-1850-4917 (Бейжің), +85-259-647-112 (Гонконг).
«Калмэджи» тайфуны сейсенбі, 16 қыркүйекте Хайнань провинциясының жағаалауына жетті. Секундына 40 метр жылдамдықпен дауылды жел мен күшті нөсер аралдың солтүстік-батысы бөлігіндегі аймақтарды қиратуда.
Дауылға байланысты Хайнань провинциясының Хайкоу қаласында «Мэйлань» халықаралық әуежайында 100-ден астам рейс, Сайня қаласында «Фэнхуан» әуежайында 60-тан астам рейс тоқтатылды.
Метеорологтардың болжамы бойынша, Гуандун провинциясының Хайнань аралындағы, Юньнань мен Гуанси-Чжунаск автономиялық ауданындағы нөсер жауын мен күшті жел бейсенбіге дейін созылмақ.
Дауыл салдарынан қауіпті аймақтардағы мектептер, мекемелер, банктер жабылды. Қор биржасындағы таңертеңгілік сессия кейінге қалдырылды. Чек Лап Кок әуежайында ондаған әуе рейстері тоқтатылды.
«Калмэджи» тайфуны толассыз жауын-шашын мен жел жылдамдығы жағынан ағымдағы жылғы шілдеде Қытайда 60 адамның өмірін қиған «Раммасун» тайфунымен салыстырылуда.