Қытайдағы теплоход апаты құрбандарының саны 431-ге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдағы теплоход апаты құрбандарының саны 431-ге жетті

Қытайдағы теплоход апаты құрбандарының саны 431-ге жетті

Дүйсенбіде  Цзяньли (орталық қытайлық Хубэй провинциясы) уезінде Янцзы өзеніне батып кеткен "Дунфанчжисин" (Шығыс Жұлдызы) теплоходы апаты құрбандарының саны 431 адамға жетті.

  • 8 Маусым 2015
  • 367
Фото - Caravan.kz

 Он бір адам хабар-ошарсыз кеткендер санатында. Тірі қалғандар саны — 14.

Бүгін таңертең су бетіне шығарылған теплоходта қаза тапқандардың туысқандары мен құтқарушылар қатысқан еске алу рәсімі өтті. Құрбандардың ішінде үш жасар қыз бар, — делінген қытайлық БАҚ хабарламасында. Негізінен қаза болғандар қытайдың ірі өзенінің сұлулығын тамашалуға келген  — 50-80 жастағы егде адамдар.  Олардың барлығы — ҚХР азаматтары.

Кемені жұма күні кешке жүзетін кран көмегімен жоғары көтерген болатын.