Жарияланды: 200

Қытайдан ұялы телефондарды заңсыз өткізбек болған әйел қолға түсті

Қытайдан ұялы телефондарды заңсыз өткізбек болған әйел қолға түсті

Қазақстан азаматшасы гаджеттерді киіміне жасырып, Қазақстан-Қытай шекарасынан өткізбек болғанда ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

«Қорғас» өткізу бекетінің жасағы ұялы телефондардың ірі партиясын заңсыз өткізбек болған 44 жастағы Қазақстан азаматшасын ұстады.

Ол Халықаралық шекаралық орталықтан Қазақстанға жаяу өтпек болған. Тексеру барысында одан 40 дана «Самсунг» маркалы ұялы телефон табылды.

Осы факті бойынша тиісті органдарға хабар берілді.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін