«Бүгін осы екі облыстың ІІД-нің төрағаларына жалпы бағасы 396 мың АҚШ доллары тұратын автокөліктер, жаңа байланыс құралдары мен кеңсе техникасы беріледі», — деді ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев Астанада өткен рәсімнен кейін журналистерге берген сұхбатында.
ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық тәртіп сақшыларына BJ 6460HF1 маркалы әрбіреуінің бағасы шамамен 7 мың доллар тұратын төрт джип, көшпелі, мобильді және стационарлық 23 Kenwood радиостанциялары, құны 8-10 мың АҚШ доллары тұратын BBG-002 маркалы 5 түнгі көру аспаптары , криминалистердің қылмыс орнында жұмыс істеуіне арналған, аппаратуралар мен химикаттардан құралған 40 топтама беріледі. Сонымен қатар іс жүргізу мен электрондық мәліметтер базасына арналған компьютерлік техника топтамалары мен «DELL» ноутбуктері, сандық фотоаппараттар мен «Canon» фототүсіру аппараттары бар.
«Бұл — қытайлық тәртіп сақшыларының бір мәрте қайтарымсыз берген техникалық көмегі», — деді А. Шпекбаев. «Қазақстандағы ішкі істер органдарының техникамен қамтамасыз етілу және инновациялық технологияларды енгізу деңгейі халықаралық полициялық стандарттардан ешбір кем түспейді, бүгін берілген техника да барлық техникалық халықаралық және қазақстандық параметрлерге сай келеді. Ол тексерілген, сол себепті біз оның сәйкестігіне шүбі келтірмейміз», — деді ол.
«Меніңше, бұл техниканы сіздің обыстардың Қытаймен шекараласатын аудандарына жолдау қажет», — деді вице-министр Алматы және Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменттерінің өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде.
Өз кезегінде Қазақстандағы ҚХР елшісі Чжан Сиюнь бүгін табысталған техниканың «Қытай тәртіп сақшыларынан екі елдің полицейлері бірлесе жүзеге асырған жұмыстар мен жемісті ынтымақтастық үшін жолданған ризашылықтың материалдық көрінісі екенін» атап өтті. «Осындай адами байланыстар үшін Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігі өзінің ризашылығын осындай жолмен білдіргісі келді, ол бұған дейін атқарылған және алдағы уақытта да атқарылатын істер үшін ризашылықтың белгісі», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті