Қытайдың Sinohydro корпорациясы Тәжікстанда су электр станциясын салу мүмкіндігін зерттеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдың Sinohydro корпорациясы Тәжікстанда су электр станциясын салу мүмкіндігін зерттеуде

Қытайдың Sinohydro корпорациясы Тәжікстанда су электр станциясын салу мүмкіндігін зерттеуде

Алматы. 26 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қытайдың Sinohydro корпорациясы Тәжікстанда су электр станциясын салу мүмкіндігін зерттеуде. Осы мәселе Тәжікстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Рашид Алимовтың Қытайдың Sinohydro корпорациясының директоры Зенг Ксинглиангмен Пекинде өткен кездесуі барысында талқыланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Тәжікстанның "Ховар" ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 26 Наурыз 2008
  • 525
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзіне сүйенсек, Р. Алимов корпорация директорына гидроэнергетика саласындағы Тәжікстанның инвестициялық жағдайы және болашағы жөнінде толықтай мағлұмат берген. Тәжікстан мен Қытай арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық аясында тәжік дипломаты Тәжікстан өзендерінің бірінде су электр станциясын салу мүмкіндігін зерттеп көруді ұсынды.

Зенг Ксинглианг бұл ұсынысты зейін қоя қабылдап, таяу арада Тәжікстанға сарапшылар тобын жіберу ниетін білдірді.

Sinohydro корпорациясы гидротехникалық және гидроэлектрлік жобалар құрылысы саласында жетекші орын иеленіп отырған ірі ұлтаралық компания. 1950 жылдардан бері қарай Қытайдағы ірі және орта су электр станцияларының 70 пайызын Sinohydro корпорациясы салған. Қазіргі уақытта корпорация 20-дан астам су электр станцияларын салу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті