Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Covid-19 Қытай елінде 2019 жылдың соңғы айында тарала бастаған болатын. Қазіргі таңда әлемге тараған бұл дерт әрбір жанның қорқынышы мен үрейін туғызып отыр.
Видеода дәрігерлер де, қытай халқы да жылап қоштасқан.
Оқырмандар да қосыла жылағандарын жасырмады.
"Коронавирусты жеңіп шыққандары жақсы болыпты. Байқамай көзден жас ағып кетті ғой", "Бізге де өстіп құрметтеп шығарып салатын,күн тусын! Ауру пәленің бәрі кетіп. Еңбектері өте зор ғой!", "Алла осындай күнді бізге нәсіп етсін. Жаратушы ием, сол күнге жеткізе гөр!", "Мен де жылап отырмын. Қандай ұлт болсын Алланың пендесі ғой, бізде бүгін 80 болып қойыпты. Құдіреті күшті тәңірім осымен тоқтаса екен аз қазағымды сақтай гөрші!", "Жас дәрігерлерді жан-жақтан жинап, жасы улкендерді жұмысқа коспады, ауырып калу каупі болғандықтан. Керемет ұйымдастырушылық пен жылдам іс-әрекет жасалу жұмыстары жарайсыңдар. Қанша қытайлықтар деп жек көрсек те, өте тәртіпке бағынатын еңбеккқор халық жаппай бірігіп өз күштерімен киындыкпен болса да жеңе білді", "Дәрігерлерді құрметтеуді осылардан үйрену керекпіз", деп жазды оқырмандар.
Еске сала кетейік, елімізде вирусты жұқтырғандар саны 80-нен асты.
Мамандардың зерттеуі бойынша,10 сәуірде Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 17 мыңға жетуі мүмкін деген болжам бар.
Ескерту! Видео әлеуметтік желіден алынды.