10 сәуірде Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 17 мыңға жетуі мүмкін - мамандардың зерттеуі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
10 сәуірде Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 17 мыңға жетуі мүмкін - мамандардың зерттеуі

10 сәуірде Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 17 мыңға жетуі мүмкін - мамандардың зерттеуі

Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы (ЦАРКА) Қазақстандағы Covid-19 коронавирусының таралу үлгісін жасап шығарды. Мамандардың пікірінше, 10 сәуір сүні елмізде ауруға шалдыққандардың саны 17 мыңға жетуі әбден мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

  • 26 Наурыз 2020
  • 119
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандағы коронавирустың таралу үлгісі әлемдік статистикалар негізінде жасалды.  

Мамандар олар келтірген заңдылықтың Қазақстанда ауруды жұқтырғандардың саны 100-ден асқаннан кейін сақталатынын атап өтті. 

Үлгіге негіз ретінде мамандар 19 наурыз-10 сәуір аралығын, яғни үш аптаны қарастырған. Олардың пікірінше, бұл болжамның қорытындысы жағымсыз. Қазақстандағы жағдай Еуропа мемлекеттері секілді ушығуы мүмкін көрінеді. 

Әлемдік статистикалар бойынша, дүниежүзіндегі ауруға шалдыққандардың көрсеткіші 33%-ды, ауруханаға жатқызылуы керек науқастардың көрсеткіші 20%-ды, ал қарқынды терапия қажет науқастардың көрсеткіші 5%-ды құрайды екен.

Мамандар коронавирусқа шалдыққандардың тек 14%-ы ғана дереу анықталатынын айтып кетті. Ал қалған науқастардың 86% ескерусіз қалып жатқан көрінеді. 

Сарапшылардың болжауынша, 10 сәуір күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 16 956-ға жетеді екен. Зерттеу авторлары науқастардың саны негізінен 220 мыңға жететінін алға тартты. Десек те олардың барлығы анықталмай, өздігінен емделіп шығатын сыңайлы. 

Ең бірінші өлім Қазақстанда алғашқы науқас тіркелген күннен бастап 17 тәуліктен кейін анықталады екен. 


"Жағдайы ауыр науқастардың саны 2000, ал ауруға шалдыққандардың көптігінен денсаулық сақтау жүйесі қиындықтарға бой алдырып, соны салдарынан өлім-жітім көбейіп кетеді", — дейді болжам авторлары. 

Коронавирустың өлім деңгейінің статистикасы әлем бойынша 3%-ды көрсетіп тұрған көрінеді. 

"Мемлекет тарапынан атқарлып жатқан шаралар коронавирустың таралмауына айтарлықтай септігін тигізуде. Сондықтан алдағы уақытта жағымды өзгерістердің орын алатындығына сенуге болады", — дейді зерттеушілер. 

Сондай-ақ ЦАРКА Қазақстандағы коронавирустың таралу үлгісі Т. Пуэйо және Johns Hopkins University ұсынған зерттеулерге сүйеніп жасалғанын есеріп өтті.

Еске салайық, қазір Қазастанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 80-ге жетіп отыр. Олардың екеуі аурудан сауығып шығыпты. 

Соңғы жаңалықтар