Қытайлық пневмонияны жұқтырудың жаңа деректері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлық пневмонияны жұқтырудың жаңа деректері анықталды

Қытайлық пневмонияны жұқтырудың жаңа деректері анықталды

Қытайда коронавирустың жаңа түрінен шыққан пневмонияны жұқтырудың жаңа деректері анықталды.

  • 20 Қаңтар 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

20 қаңтарда Бейжің әуежайында екі адамның дене қызуы көтеріліп, ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап. 

"Бұрын олар Ухань қаласына барған. Клиникалық симптомдарды зерттеу негізінде емделушілер коронавирустың жаңа түрін жұқтырғаны анықталды", — делінген Бейжіңнің оңтүстігіндегі Дасин аудандық денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитетінің мәлімдемесінде. 

Екі адам ауруханаға жатқызылды және карантиндегі мамандардың тұрақты бақылауында болады, олардың жағдайы тұрақты. Сол адамдармен байланыста болған азаматтар да бақылауға алынды. Оларда әзірге ауру белгілері анықталған жоқ.

Сондай-ақ, 20 қаңтарда Шэньчжэнь қаласында пневмония жұқтыру дерегі анықталды. Қала тұрғыны 29 желтоқсанда Ухань қаласында тұратын туған-туыстарына барып, 3 қаңтарда дене қызуы көтеріліп, пневмония белгілері пайда болған. 4 қаңтарда ол Шэньчжэньге оралған, алайда ауруханаға тек 11-і ғана түскен. 


Шэньчжэнь қаласында тағы сегіз тұрғын ауру жұқтырды деген күдікпен ауруханаларда жатыр.
 

Соңғы жаңалықтар