«Қытай Халық Республкасымен ынтымақтастығымыз біздің сыртқы саясаттағы басым бағытымыздың бірі болып саналады. Біз бүгін жан-жақты стратегиялық серіктестік рухында екіжақты өзара іс-қимыл қарқыны ұдайы артып келе жатқанын көріп отырмыз», — деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда ҚР Президенті ҚХР-дің төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға алдағы алғашқы мемлекеттік сапары нәтижесінде жаңаша дамитынына сенім білдірді.
«Елші мырза, сіздің біздің халықтарымыздың арасындағы сенім мен түсіністікті одан әрі жалғастыра беруге күш салатыныңызға кәміл сенеміз», — деді Н. Назарбаев.