Қыз «мал» емес: Астаналық жігіт оңтүстіктің қыз алып қашу дәстүрін сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыз «мал» емес: Астаналық жігіт оңтүстіктің қыз алып қашу дәстүрін сынға алды

Қыз «мал» емес: Астаналық жігіт оңтүстіктің қыз алып қашу дәстүрін сынға алды

Астаналық тұрғын оңтүстіктің қыз алып қашу дәстүрін қатаң сынға алып, өрімдей бойжеткендерді "мал сияқты" үйге кіргізу дұрыс емес екенін айтты.

  • 24 Сәуiр 2018
  • 155
Фото - Caravan.kz

Елордалық Қуаныш есімді азаматтың такси жүргізушісі болып еңбек етіп жүргеніне аттай 5 жылдан астам уақыт өтіпті. Осы уақыт аралығында түрлі адамдармен танысып, сырластым дейді ол.

"Таксист болған соң неше түрлі адамдарды кездестіресің. Астана қазір жан-жақтан келген тұрғындардың қаласы болып кеткен ғой. Жергілікті адамдар өте аз десем болады, көбі оңтүстіктен келгендер.

Өзім Көкшетаудан болғандықтан ба, бұл жақ пен оңтүстіктің түсінігі мен менталитеті жер мен көктей болады. Байқағаным, оңтүстіктегілер керек кезде іші-бауырыңа кіріп, кішкене "қулау, пәлелеу" болады екен.

Біз жақ керісінше, сәлеміміз түзу болсын дейді, біреуге жағымпазданып, артық сөз айтуды көп ұната бермейді", — деп әңгімесін бастады такси жүргізушісі.

Сонымен бірге, ол шымкенттіктердің "қыз алып қашу" дәстүріне түбегейлі қарсы екенін тілге тиек етті.

"Сосын ерлері сәл мәдениетсіздеу, тұрпайы сөздерді көп қолданылатын болып келеді. Әсіресе, қыз алып қашуды қолдап, қолпаштап, үнемі осы бір дәстүрді дұрыс деп отырады.

Баяғыда біздің кезімізде де қызды алып қашу дәстүрі болды, бірақ қазіргідей бір көре салып, алып қашу емес. Қыздың келісімен алып қашу деген болды. Қыз деген бірдеуің үйіне айдап апаратын мал емес қой?

Халқымыздың аруларға деген құрметі бұрыннан ерекше болатын. Қазір сол қасиетіміз жоғалып бара жатқан сияқты", — деп қынжылды азамат.


Әңгіме соңында ол "қазақстандықтарды бөліп-жарғысы келмейтінін, десе де, бейәдеп дәстүрді ұстанбаған жөн екенін" айтып, ойын қорытындылады.

Оқи отырыңыз:

Қазақ эстрадасын Мейрамбек Бесбаевтың басқаратыны рас па

Шымкенттік полицей студент қыздың шешінгенін камераға түсіріп, одан ақша бопсалап келген

Қуандық Бишімбаев абақтыда араб тілін үйреніп жатыр

Су басу қаупі бар: Көлсайға апаратын жолдар жабылып жатыр