Жарияланды: 290

Қуандық Бишімбаев абақтыда араб тілін үйреніп жатыр

Қуандық Бишімбаев абақтыда араб тілін үйреніп жатыр

Мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін 14 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың  туыстары осындай ақпар таратты.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. 

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі ауыр жазаға тартылғанына қарамастан, әлемдегі күрделі деген екі тілді үйренуге шындап кіріскен. Арнайы кітаптар алдырып, құлшына оқып жатыр екен. Тек қытайшасы қиындау. Өйткені, тергеу изоляторында үйрететін адам жоқ. Дереккөзге сүйенсек, экс-шенеунік бостандыққа шыққанда түрме өмірін көріп шыққан емес, өмірдің жаңа белесін бағындырған адам ретінде көрінгісі келеді. Үкімге шағым түсірген Бишімбаев әзірге изоляторда  отырғанын айта кетейік.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін