Қызды зорлаған 22 жасар Астана тұрғыны ұсталды
Астанада кәмелетке толмаған қыз баланы зорлағаны үшін бұрын сотталған Астана тұрғыны қолға түсті, деп ІІМ ақпарат және мемлекеттік тіл департаментінің бастық орынбасары Қаламқас Темірова мәлім етті. |
«Астана полициясына өзінің 6 жасар қызын зорлап кеткені туралы баланың анасы шағым түсірді. Сол күні оперативтік іздестіру шаралары барысында өз үйіне қыз баланы алдап кіргізіп алып, зорлаған Кирпичный кентінің 22 жасар бұрын сотталып шыққан азаматы қолға түсті», - деді ол сәрсенбі күні брифингте.
Кейін белгілі болғандай, ұсталған қылмыскер зардап шегушінің көршісі екен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін