Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігніің төрағасы:
-Қазіргі кезде мемлекеттік қызметке өту туралы ереже бар. Ол саяси мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Бұл түзету 2013 жылы енгізілді. Онда егер жетекшілердің, саяси мемлекеттік қызметкерлердің қарамағындағыларының бірі сыбайлас жемқорлығы үшін сотталатын болса, сот үкімі заңды күшіне енсе, оның отставкаға өтініш беруі керектігі туралы айтылған.
Онда да пара алғаны дәлелденген орынбасарын жеке өзі тағайындаса, министр не әкім жұмыстан кету туралы арыз жазуы тиіс. Өтінішті Президент 1 айдың ішінде қарастырады. Орнында қалдыру, не қалдырмауды да Елбасы шешеді. Мысалы, орынбасары 10 жылға сотталған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков еш ойланбастан отставкаға арыз жазса болады. Бірақ, мемлекеттік қызметкерлердің ішкі тәртібіне шенеуніктердің барлығы бірдей бағына бермейді екен. Жуырда ғана Астанаға келіп, есеп беріп кеткен Атырау облысының әкімі: «қарамағымдағылар үшін жауап бермеймін, әркім қолымен істегенді мойнымен көтерсін» деген болатын. Сондықтан, депутаттар аймақтардағы әкімдерге де шара қолдануды ұсынды. Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасының айтуынша, бұған қатысты келесі жылы арнайы заң жазылмақ.