«Қызыл кітапқа» енген құстар балконда не істеп жүр? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қызыл кітапқа» енген құстар балконда не істеп жүр?

«Қызыл кітапқа» енген құстар балконда не істеп жүр?

Қанаттылардың қожайыны 1962 жылы туылған Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы екен.

  • 3 Қараша 2017
  • 529
Фото - Caravan.kz

Атырауда полицейлер «қызыл кітапқа» енген лашын-ителгі (сокол-балобан) құстарын заңсыз ұстап келген азаматты құрықтады, деп жазады atr.kz.

Сирек кездесетін құстарды 10 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында өтіп жатқан «Учаске» жедел алдын алу шаралары барысында учаскелік инспектор анықтаған.

– Жойылып кету қаупі жоғары жыртқыш құстарды учаскелік инспектор Нұржан Сахметов өзіне бекітілген аумақты аралау барысында Сарыарқа мөлтекауданындағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтердің балконынан байқап қалған. Оның иесінен сұрай келгенде, тиісті құжаттар болмай шықты, — дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Қанаттылардың қожайыны 1962 жылы туылған Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы екен. Ол сирек құстардың әр жұбын 150 мың теңгеден белгісіз ер адамнан жеке мақсатта сатып алғанын айтады.


Аталған дерек бойынша қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы, яғни, жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал, қанаттылар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар