Баспаналары су астында қалып, шарасыз күйге түскен тұрғындардың барлығына жәрдем берілген. Қаладағы ауруханалар мен мектептерден жатын орындар әзірленіп, зардап шеккендерге дәрігерлер қолдан келгенше көмек көрсетуде. Атбасар ауданына қазір 200-ден астам құтқарушы жүр. 50-ден астам әртүрлі техника суда қалғандарды қауіпсіз жерге көшіруде. Дегенмен су деңгейінің әлі төмендейтін түрі жоқ. Себебі, қала іргесіндегі Жабай өзені арнасынан асып, саяжайларды басып қалған. Ендігі Борисовка ауылына қауіп төнді. 30 мың тұрғыны бар Атбасардың өзінде қазір құм салынған қаптармен өзен жағалауларын қоршап, барынша апаттың алдын алып жатыр.