Қызылорда 100-пайыз сандық байланыс желісімен қамтамасыз етілген - "Қазақтелеком" - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда 100-пайыз сандық байланыс желісімен қамтамасыз етілген - "Қазақтелеком"

Қызылорда 100-пайыз сандық байланыс желісімен қамтамасыз етілген - "Қазақтелеком"

Алматы. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда 100-пайыз көлемінде сандық байланыс желісімен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды агенттік компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Наурыз 2008
  • 1178
Фото - Caravan.kz

«Қызылорда облысында сандық желі құру бойынша жұмыстар толық аяқталды. Бұл өз кезегінде компанияның дәстүрлі қызмет көрсету мүмкіндігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірді бірқатар кешенді заманауи қызмет түрлерімен қамтамасыз ететін болады. Сөйтіп Қызылорда Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қостанай, Талдықорған мен Шымкенттен кейінгі 100 пайыз көлемінде сандық байланыспен қамтамасыз етілген сегізінші қала болды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Компанияның ақпараты бойынша, ескірген телефон станциясының жаңартылуы халықаралық және қалааралық байланысты үзіліссіз беруді қамтамасыз етіп, Интернет желісі және басқа да қызмет түрлеріне қол жеткізуге мүмкіндік тудырады. Сондай-ақ, абонент қосымша жаңа қызмет түрлерін пайдалана алады, яғни шақырылатын жақтарды күту, басқа жаққа аудару, жеке пороль арқылы халықаралық және қалааралық байланысқа шектеу жасап, шақырылатын абоненттердің номерін анықтауға болады.

«»Қазақтелеком» АҚ 2007 — 2009 жылдарға арналған қызмет жоспары аясында компанияның Қызылорда бөлімшесі қызмет көрсетудің сапасын көтеруге бағытталған болатын. Қызылордада ескі телефон станциясы 3000 номерлі сандық байланыс желісіне ауыстырылды», -деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, » Ауылдық аумақтарды дамыту» атты мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2007 жылы Қызылорда облысының телекоммуникация дирекциясы сымсыз технологиялардың көмегімен 60 ауылды елді мекенінде телефон байланысын орнатты. Ал 2008 жылы ауылды елді мекенін байланыспен қамтамасыз ету жоспарланған, яғни ауылды жерлерде 100 пайыз көлемінде байланыс желісі орнатылады.

Компанияда атап өткеніндей, мектепте Интернет желісіне қосу жұмыстары жалғасуда. Қызылорда облысындағы 287 мектептің 269 интернет желісіне қосылған, ал бұл жалпы санның 94 пайызын құрайды.

2007 жылы АО «Қазақтелеком»АҚ қызылорда бөлімшесі 18 027 негізгі телефон аппараты орнатылды. Бұл 2006 жылдағы көрсеткіштен 2,2 есе артық.

Республиканың қалалық телекоммуникациясын толық сандық желілеріне көшіру жұмысы 2010 жылы аяқтау жоспарланса, ауылды жерлерді 2012 жылға дейін бірілу көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті