Жарияланды: 470

Қызылорда облысы Жамбылдағы зілзаладан зардап шеккендерге тұрғын үй салу мақсатына 78,9 млн. теңге бөлді

Қызылорда облысы Жамбылдағы зілзаладан зардап шеккендерге тұрғын үй салу мақсатына 78,9 млн. теңге бөлді . Облыстық энергетика, құрылыс және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы Вассави Мухамедьяровтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, бұл қаржы Жамбыл облысының Луговая бекетінде екі пәтерлі 15 үй салуға жұмсалады.

Алғашқы тұрғын үй шілденің ортасында пайдалануға беріледі, ал жалпы алғанда құрылыс жұмыстары 1-қазанда аяқталады деп күтілуде. Қызылорда облысының кәсіпорындары мен ұйымдары жер сілкінісінен зардап шеккендерге қаржылай көмектерін жолдауда. Мәселен, облыстық гидрометеорологиялық орталығының ұжымы зілзала құрбандарына көмек қорына 32 мың теңге көлеміндегі өздерінің бір күндік жалақыларын аударды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін