Жарияланды: 530

Қызылорда облысы Жусалы стансысында цистернадан фосфор қышқылы төгілді

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Жусалы стансысында, кеше сағат 22.33-те №2901 жүк пойызын тексеру кезінде цистернадан фосфор қышқылының төгілгендігі анықталды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды. Жүкті жөнелтуші: ОҚО Қазығұрт стансысы; жүкті қабылдап алушы: Маңғыстау облысының Ақтау порты. Цистерна тізбектен ажыратылып, Жусалы стансысының №27 апатты тұйығына қойылды. Қоршаған орта мен халыққа қауіп жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін