Қызылорда облысында 1 млрд теңге жымқырған білім беру саласының қызметкерлері сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында 1 млрд теңге жымқырған білім беру саласының қызметкерлері сотталды

Қызылорда облысында 1 млрд теңге жымқырған білім беру саласының қызметкерлері сотталды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының білім беру саласының қызметкерлері сотталды. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 13 Ақпан
  • 13
Фото - Caravan.kz

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында Жаңақорған аудандық соты «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Б. Ибрагимовқа, бас бухгалтері К. Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтерлеріне қатысты үкім шығарды.

Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен мекеменің басшысына және бас бухгалтеріне 8 жыл бас бостандығынан айыру, мектеп бухгалтерлерінің біріне – асырауында жас баласының болуына байланысты 5 жыл мерзімге жазасын кейінге қалдыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және өзге де ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.