Мекеме ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысындағы Қызылорда-Қараөзек өткелінің 2803-ші шақырымында 3-сәуірде 19 сағатта Алматыдан Маңғыстауға бет алған №377 поездың тепловозының астына 50-55 жастар шамасындағы ер адам түсіп қалды. Ол жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.
Темір жол көлігінің қозғалысы 20 минутқа тоқтатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті