Жарияланды: 530

Қызылорда облысында бопсалаушылық жөніндегі күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі құрықталды

Қызылорда. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - қылыорда облысының Қалазы қаласында полиция мен ҰҚКД-нің бірлескен іс-шарасының арқасында бопсалаушылық жөніндегі күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі құрықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қызылорда облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасындағылардың айтуынша, аудан орталығында тұратын 35 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғыннан 5 мың АҚШ долларын бопсалаған. Бұл жайлы ақпарат ҰҚКД-іне мәлім болды. "Беліленген күні кәсіпкер бопсалаушыға 70 мың теңге беріп, қалғанын ертеңінде әкеліп беруге уәде берді", - деді Қызылорда облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызм еткері, полиция капитаны Жолдас Боздақов. Оның айтуынша, полиция мен арнаулы қызметтің оперативтік қызметкерлері оны тағы 100 мың теңге алып жатқан кезде қолға түсірді. Ұсталған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі, дейді тәртіп сақшылары. Арнайы ұнтақпен таңбаланған купюралар айғақзат ретінде алынды. Бопсалаушының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 181-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қызылорда облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысы бар 10 адамды ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тартты. "Олардың екеуі - ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері, біреуі - "общак" ұстаушы, біреуі - "серке", алтауы - топ мүшелері", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Дүйсенова. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін