Қызылорда облысында пара берген кісі жазасын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында пара берген кісі жазасын алды

Қызылорда облысында пара берген кісі жазасын алды

Қызылорда облысы Арал ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі К.Әбілғазиева пара беруге әрекет жасағаны үшін соттың үкімімен 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды,

  • 30 Маусым 2011
  • 446
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Оқиға былай болған. «Арал ауданы мәдениет үйлері мен клубтары» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас есепшісі К.Жасақбаева ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі меңгерушісінің өзіне қатысты жасаған қылмыстық әрекеттері туралы Батыс аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің инспекторы Ж.Ахметовке арызданады. Ертесіне полиция инспекторы К.Әбілғазиеваны шақырып, түсінік алады. Соңынан меңгруші инспекторға арыз бойынша оң шешім қабылдау үшін 200 мың теңге көлемінде пара ұсынады. Бұл бөлім меңгерушісі үстінен қылмыстық іс қозғауға негіз болды.

Бұл қылмыстық істі тергеу кезінде К.Әбілғазиеваның қызмет өкілеттігін кереғар пайдаланып, 2006 жылы Арал қаласында орналасқан «Қыз Жібек» дүкеніне 52 мың теңге қарыз ақшасын «Арал ауданы мәдениет үйлері мен клубтары» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас есепшісі К.Жасақбаеваға өз қалтасынан төлетіп, хатшысы А.Қаршығаева арқылы тағы 27 100 теңге алғаны анықталды. Бұған қоса, К.Әбілғазиева 2008 жылы Алматы қаласына іссапарға барарда, бас есепшіге өзінің «БТА Банк» АҚ филиалындағы карточкалық шотын беріп, шотқа 20 мың теңге салдырған. Осы анықталған деректер бойынша қаржы полициясы 17.02.2011 жылы К.Әбілғазиеваға қарсы ҚР ҚК-нің 308-бабы 4-бөлігінің «в» тармағымен қосымша қылмыстық іс қозғап, аталған екі іс бір өндіріске біріктірілген.

Арнайы прокурордың жүргізген әділ тергеуінің нәтижесінде К.Әбілғазиеваның қылмыстық іс-әрекеті қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану ретінде емес, қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану ретінде қайта сараланып, оған ҚР ҚК-нің 312-бабының 2-бөлігімен және 307-бабының 2-бөлігімен, яғни лауазымды адамға көрінеу заңсыз іс-әрекеті жасауы үшін пара бергені және қызмет өкілеттігін өзі үшін пайда алу мақсатында қызмет мүдделеріне кереғар пайдаланғаны үшін жаңадан айып тағылды.

Арал аудандық сотының 12-мамырдағы үкімімен ол 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, ҚР ҚК-нің 63-бабы қолдану арқылы оған 2 жыл сынақ мерзімі белгіленді.

Соңғы жаңалықтар