Қызылорда облысында қарақұйрықтарды атқан екі адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында қарақұйрықтарды атқан екі адам ұсталды

Қызылорда облысында қарақұйрықтарды атқан екі адам ұсталды

Қызылорда облысының полицейлері Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрықтарды атқан екі азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

  • 18 Қараша 2020
  • 77
Фото - Caravan.kz

 17 қарашада сағат 22:00 шамасында Қызылорда облысы ПД Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің және "Охотзоопром" мекемесінің қызметкерлері бірігіп, рейдтік іс-шаралар өткізу барысында Көктөбе ауылынан 70 шақырым жердегі далалықта мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісі жоқ мотокөлікті тоқтатқан. Мотокөлікті тексеру барысында біреуі тіркелмеген екі аңшы мылтығы, 18 дана патрон мен Қызыл кітапқа енген екі дана қарақұйрық пен қоян табылды. 

Оқиға орнында екі күдікті ұсталды. Олар Жаңақорған АПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігімен (Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар