Жарияланды: 490

Қызылорда облысында құрылыс жұмыстары барлық жол учаскелерінде жүргізілуде

2011 жылғы 12 шілдеде Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қызылорда облыстық департаменті

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын ақпараттық қолдау шеңберінде өңірлік масс-медиа үшін баспасөз шеруін өткізді. Шара барысында БАҚ өкілдері Қызылорда облысының учаскесіндегі құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды. «Қызылорда облысының аумағы бойынша «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәліз жобасы шеңберінде 812 шақырым жол қайта салуды қажет етеді. Жоба бойынша жолдың 246 шақырымын І техникалық санаттағы 4 жолақты қозғалыс жолына, қалған ұзындығы 566 шақырым жолды ІІ техникалық санатқа ауыстыру қарастырылған», - делінген баспасөз баянында. Сонымен қатар, қазіргі таңда 5 бас мердігер компания «Салини» АҚ, «Аккорд Окан» БК, «Импреза» АҚ, «Азеркорпу» АҚ және «Тодини» АҚ, сондай-ақ, 26 қосалқы мердігер ұйымдары құрылыс жұмыстарын барлық жол учаскелерінде жүргізуде. Учаскені қайта салу Дүниежүзілік даму банкінің займ қаражатынан жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстарына 4774 адам, оның ішінде, 3185 жергілікті тұрғын тартылған, 2734 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін