Қызылорда облысында құтқарушылар Сырдария суына батып кеткен "КамАЗ" автокөлігін шығарып алуға тырысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында құтқарушылар Сырдария суына батып кеткен "КамАЗ" автокөлігін шығарып алуға тырысуда

Қызылорда облысында құтқарушылар Сырдария суына батып кеткен "КамАЗ" автокөлігін шығарып алуға тырысуда

ҚЫЗЫЛОРДА. 30 наурыз. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында құтқарушылар Сырдария суына батып кеткен "КамАЗ" автокөлігін шығарып алу шараларын жүзеге асыруда , деп хабарлайды Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

  • 30 Наурыз 2007
  • 475
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, өткен сәрсенбі күні таңғы 4 шамасында тіркемесі бар жүк мәшинесі Қазалы ауданындағы «Қарлан» учаскесіндегі қалқыма көпірден өтіп бара жатқан кезде суға батып кеткен. «КамАЗға» он тонна қара металл артылған болатын. Жүргізуші кабинадан шығып жағаға жүзіп барған.

Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Мұхит Ақдәулетовтың айтуынша, көлік жүргізушісі жол белгісіне көңіл бөлмеген, онда көпірден 7,5 тоннадан астам жүк алып өтуге тыйым салынатыны көрсетілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті