Қызылорда облысында үш өрт оқиғасы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында үш өрт оқиғасы болды

Қызылорда облысында үш өрт оқиғасы болды

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы аптада үш өрт оқиғасы болды.

  • 30 Мамыр 2011
  • 342
Фото - Caravan.kz


Жаңақорған ауданы Әбдіғаппар ауылындағы бір үйдің ауласындағы жиған шөбі өртенген. Ол балалардың отпен ойнауы салдарынан тұтанған. Өрттен келген шығынның көлемі 20 000 теңгені құрайды. Ал Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентіндені, Әбілхайыр хан көшесіндені мал қорасы мен Әубәкіров көшесіндегі үй сарайында болған өрт оқиғаларының шығындары едәуір көп. Оларда үй иелеріне 80 000 теңгенің залалдары келтірілген. Сонымен бірге 500 000 теңгенің заттары өрттен құтқарылған. Бұлардағы өрт аңғалдық салдарынан болды деген болжам жасалды.

Соңғы жаңалықтар