Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде апат салдарын жою жұмыстары одан әрі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде апат салдарын жою жұмыстары одан әрі жалғасуда

Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде апат салдарын жою жұмыстары одан әрі жалғасуда

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Наурыз 2008
  • 443
Фото - Caravan.kz

«17 наурыз күнгі сағат 20-дағы жағдаймен жалынның биіктігі 10-15 метрді құрауда. Қазір жабдықтарды дайындау және ұңғыны өшіруге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға ҚР ТЖМ 15 адамы мен 15 арнаулы техникасы жұмылдырылды», — деп хабарлайды ТЖМ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде 9 наурызда 2 сағат 30 минутта газ қоспасы бар мұнай атқылап, артынан ол тұтанып кетті.

Бұрғылау жұмыстарын «Сырдария Мұнай» АҚ жүргізіп жатқан, ұңғының жобалық тереңдігі 1550 метрді, забой тереңдігі 1507 метрді құрайды. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті