«18 наурыз күнгі сағат 20-дағы жағдаймен ұңғының аузы жанып кеткен бұрғылау жабдықтарынан тазартылып, бұрқақша атқылаған жалын өшіріліп, ұңғы аузын бітеп қалған құрал-жабдық демонтаждалып, перфорациялық тиек ашылып, ұңғы аузы герметизацияланды. Ұңғыны жабуға бағытталған технолгиялық жұмыстар «Сырдария Мұнай» АҚ-ның жоспары бойынша жүргізілуде», — деп хабарлайды ТЖМ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде 9 наурызда 2 сағат 30 минутта газ қоспасы бар мұнай атқылап, артынан ол тұтанып кетті.
Бұрғылау жұмыстарын «Сырдария Мұнай» АҚ жүргізіп жатқан, ұңғының жобалық тереңдігі 1550 метрді, забой тереңдігі 1507 метрді құрайды. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті