«Ол дәрігерлердің бақылауында болады, өйткені көптеген жарақаттар алып, миы шайқалған «, — деп түсіндірді денсаулық сақтау департаментінің директоры Мұрат Көшімбеков.
Аймақтың басшысы жұмысқа қашан кірісетіні хабарланбай отыр. Бірақ агенттік тілшісі анықтағанындай, Мұхтар Құл-Мұхаммед жақын уақытта жұмысқа шығып өзінің кабинетінде отыратын болады. Апат оқиғасының куәгерлері айтқанындай, облыс әкімі алған жарақаттарға қарамастан зардап шеккендерд ң тасымалдауын бақылап, соңына дейін оқиға орнында болған.
М. Көшімбековтың сөздері бойынша «денсаулығының оңалуына байланысты Жалағаш аудандық ауруханасынан облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің бейнеоператоры Оңғар Саймасаев көшірілді. МИ-8 борт механигі Виталий Глазунов әлі аудандық ауруханада жатыр. Бірақ оның денсаулығы түзеліп келеді».
Бұдан бұрын хабарланғанындай 28 ақпанда Жалағаш ауылына жақындай бергенде ҚР ТЖМ «Қазәуеқұтқару» МИ-8 тік ұшағында отырған 18 адам апатқа ұшырады. Апат оқиғасы салдарынан 5 адам қаза болып, қалғандары ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер қатарында Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл- Мұхаммед бірінші болып аурухана палатасынан шығарылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті