Алдымен Жалағаш ауданының әкімі Қайрат Бекенов басқа лауазымға тағайындалуына байланысты қызметінен босатылып, оның орнына Биғали Қаюпов тағайындалды. Ол бұған дейін Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарған. Ал Қармақшы ауданының жаңа әкімі лауазымы Мұрат Ергешбаевқа бұйырды. Бұған дейін ол әуелі Қызылорда қаласының әкімі, сосын облыстық қаржы басқармасының бастығы қызметтерінде болған.