Қызылорда облысының Қорғанша деген жерінде қорғаныс бөгетін су шайып кету салдарынан 700 адам басқа жаққа көшірілді
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Ақсу ауылында 12-ақпанда Сырдарияда мұз жиналу салдарынан су деңгейі көтеріліп, Қорғанша деген жерде қорғаныс мақсатындағы бөгетті су шайып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Агенттік мәліметіне сәйкес, соның салдарынан 1700 адамы бар 250 үй орналасқан Ақсу ауылы су астында қалу қаупі туындады.
Төтенше жағдайдың зардабын жоюға 50 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Барлығы 700 адам басқа жаққа көшірілді. Облыстағы апаттан құтқару қызметінің құрамы мен құрал-техникасы жоғары дайындық жағдайында жұмыс істеуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін