Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

Құтқарушылары бойжеткеннің өз-өзіне қол жұмсауына жол бермеді.  

  • 5 Сәуiр 2019
  • 68
Фото - Caravan.kz

2019 жылдың 4 сәуірінде сағат 11:26-да Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабар түскен.

«ХҚО маңында бойжеткен Сырдария өзеніне көпірден секіріп кеткен. Құтқарушылар оқиға орнына үш минутта жетті. Радиациялық және химиялық-биологиялық қорғау бөлімінің басшысы Ә.Сахиев пен бас құтқарушы Б.Алжанов суық суға секіріп, 200 метрге дейін жүзіп барды. Олар сол жерде қызды тауып, оны өзеннің сол жағалауына шығарды. Осы уақытта қайықпен келген құтқарушылар өзеннің оң жағалауына жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті, содан кейін оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды» делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, қыз көпірге әдейі секірген. 2002 жылғы Қызылорда облысы тұрғынының бұл әрекетке не үшін барғаны анықталып жатыр. 



 

Соңғы жаңалықтар