Қызылордада 337 миллионға салынған монумент дәрет сындыратын орынға айналған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада 337 миллионға салынған монумент дәрет сындыратын орынға айналған

Қызылордада 337 миллионға салынған монумент дәрет сындыратын орынға айналған

Сыр бойының символын дәрет сындыратын орынға айналдырған. Сырдарияның жағасынан бой көтерген тарихи монумент алты жылдан бері қор боп тұр.

  • 12 Сәуiр 2018
  • 51
Фото - Caravan.kz

Қызылорданың атын шығарамыз деп бақандай 337 миллион теңгеге 40 метр етіп ескерткіш салдырған шенеуніктер ол ойын ақыры пайдаға асыра алмай стелланы жауып тыныпты.

Екі ортада ешкімге қажеті болмай қалған қалған қала символы ұзақ жылдар бойы қаңырап бос тұр.

Бұл қызылордалық шенеуніктердің Сыр өлкесіне тартқан сыйы. «Сыр-Ана» атты тарихи монумент. Сәукеле киіп, бұралып тұрған ару – қазақ қызының сұлулығын паш етіп тұр. Ал шашағы жайқалған күріш сабағындай өңірдің нағыз ерекшелігін көрсеткен. Десе де, өңірдің басты символына айналуы тиіс стелланың заты атына сай болмай тұр.

“Оған адамдар онша бара қоймайды. Жабық тұрады. Қараусыз қалған”, – дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Айдана Көшербаева.

Ескерткіш осыдан алты жыл бұрын дүркіреп ашылған екен. Мұндай монументке қуанған сол кездегі өңір әкімі Болатбек Қуандықов Қайрат Нұртас, Мадина Садуақасова сынды әйгілі эстрада жұлдыздарын арнайы шақыртып, үлкен концерт те өткізген-ді. Алайда, ол ақша да ауаға шашылған боп шықты. Өйткені, той тараған соң монумент те жайына қалған.

“Оның ішін дәретханаға айналдырғаны рас. Барып өздерінің қалдықтарын, қоқыстарын тастап кетеді. Терезесін талай сындырып кеткен фактілер де болды. Одан кейін оның бәрі қалпына келтіріліп, басына күзетші орналастырылған. Бірақ енді бүгінгі күнге алдағы уақытта жаз айлары басталып келе жатыр. Осы көктемде бір тазалау жұмыстары жүргізіледі содан кейін ашылады”, – дейді Тұрғынүй коммуналдық шаруашылық және тұрғынүй инспекциясы бөлімі бастығының орынбасары Біржан Далабаев.

Дегенмен, қазір де «Сыр-Ана» қараусыз тұр. Ескерткіштің баспалдақтары бөлініп, әр жері қираған. Ал сорақысы сол Сырдарияның символы деп бақандай 337 миллион теңгеге салынған стелланың қайда орналасқанын қызылордалықтар тіпті білмейтін боп шықты.


Жалпы Қызылорда қаласында бас-аяғы 52 ескерткіш бар. Бәрін бірдей күтіп баптауға бюджеттен 60 миллионнан астам қаржы бөлінеді екен. Алайда, «Сыр-Ананың» ақшасы қайда кеткені беймәлім. Ал стелланың о бастағы авторлары – шенеуніктер болса, оны қайта жөндеп, абаттандыруға тағы қаражат қажет деп алақан жайып отыр.

Оқи отырыңыз:

Алматылық кәсіпкер берген парасынан 20 есе көп айыппұл төлейді

Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім

 

 

Соңғы жаңалықтар