Қызылордада 56 бас ірі қараны ұрлаған барымташылар қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада 56 бас ірі қараны ұрлаған барымташылар қолға түсті

Қызылордада 56 бас ірі қараны ұрлаған барымташылар қолға түсті

Биылғы жылдың басында Жаңақорған аудандық ішкі істер бөліміне Қожакент ауылының 53 жастағы тұрғыны арызданып, ауылдан 3 шақырым жерде жайылып жүрген 3 бас сиыры ұрланғандығын хабарлаған болатын.

  • 3 Мамыр 2017
  • 306
Фото - Caravan.kz

Аталған арыз негізінде жедел-іздестіру тобы құрылып, іздестіру шаралары барысында сәуір айында «барымташылық жасады» деген күдікпен 50 жастағы, 45 жастағы және 34 жастағы 3 ер адам ұсталып, аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған тұлғалардың өңірде орын алған 14 мал ұрлығы қылмысына қатысы бар екендігі және барлығы 56 ірі қара малдың қолды болғандығы анықталды.


Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар