Бірақ бір заманда күллі қазақты зар еңіреткенін ұмытқан ба, жергілікті ақсақалдар Ильичке араша түсті. Ескерткішке күнделікті көз үйренген бүгінгінің белсенділері тас мүсінді іздеп, ақыры теміржол саябағынан тауып алған. Кезінде күллі Кеңес халқына жөн сілтеген «көсем» қазір дәретханаға жол сілтеп тұр. Көнені көксеушілер Лениннің қазіргі тұрысын жүрегіне ауыр алса керек, дереу қала басшылығынан ескерткішке лайықты орын бөлуді талап етіпті.