Арал аудандық сотында кәмелетке толмаған балаларына тиісті деңгейде қарамауға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Балалардың анасы кәмелетке толмаған жеткіншектерді ұзақ уақытқа өзінің қарауынсыз қалдырған. Ол өзінің аналық міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамаған.
Сотта ол өз кінәсін мойындады. Жауапсыз ананың кінәсі іс құжаттарымен толық дәлелденген. Сот қаулысымен оған 11 785 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Оқи отырыңыз:
"Жетісу" клубының экс-ойыншысы адам өлтіргені үшін сотталды
Сәкен Майғазиев есті ағайынды «есерсоқ» фото мен видео таратпауға шақырды