"Жетісу" клубының экс-ойыншысы адам өлтіргені үшін сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жетісу" клубының экс-ойыншысы адам өлтіргені үшін сотталды

"Жетісу" клубының экс-ойыншысы адам өлтіргені үшін сотталды

"Жетісу" мен "Алтай" футбол клубтарының бұрынғы ойыншысы ер адамды өлтіргені үшін сотталды.

  • 30 Наурыз 2018
  • 72
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады..

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкіміне сәйкес, 25 жастағы Саят Сариев екі бап бойынша айыпталды: ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" мен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі ("Адам өлтiру"). Ол 2017 жылдың 29 қарашасында ұсталған.

Футболшы Алматы облысы Бақтыбай ауылында дүниеге келген. Іс материалдарына қарағанда, 2017 жылдың 28 қарашасынан 29-на қараған түні сотталушы Сариев мас күйде өзінде заңсыз сақтауда болған қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қаруды алып, досына қарай барған. Содан олар бірге дүкенге барған. Соңын маңында букмекерлік кеңсе маңында олар тағы басқа ауылдастарын кездестірген. Сол кезде футболшы мен олардың арасында дау шыққан.

Сонымен қатар, іс материалдарына қарағанда олардың бірі Аслан Қабанбаев есімді жігіт Саят Сариевтен сыра алып беруін талап еткен, ал екіншісі одан ақша сұраған. Футболшы болса ақшасы жоқ екені айтқан. Олар Сариевтің айтқанына сенбей, Қабанбаев оның бетінен ұрып жіберген. Осы сәтте ашуланған футболшы қаруын шығарып, шамамен 2 метр қашықтықтан Қабанбаевқа қарай оқ атқан. Ер адам сол жерде көз жұмған. Сариев қаруды өзенге қарай лақтырып жіберген.

Сотта футболшы өзінің ойында жәбірленуші Қабанбаевты өлтіру ойы болмағанын айтты.


Сот оны екі бап бойынша айыпты деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сотталушы өз қолымен апелляциялық шағым жазып, оны облыстық сотқа жолдады. Онда ол Қабанбаевтың әйелі сотта ешқандай шағым айтпағанын және өтемақы алғанын жазады. Оның айтуынша, Қабанбаевтың әйелі оны кешірген.

Өз шағымында футболшы осыған дейін сотты болмағанын және осы іске өкінетінін айтады. Жазасын жеңілдетуді сұрайды. Апелляциялық алқаның отырысы сәуірде өтеді.

 

Ұқсас тақырып:

Үндістанда мұсылман әйелдерге футбол көруге тыйым салынды
Месси Роналдумен қарым-қатынасы туралы айтып берді
Роналду «Реалдан» кеткісі келеді
Соңғы жаңалықтар