Қызылордада дауылдың салдарынан 125 абонент жарықсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада дауылдың салдарынан 125 абонент жарықсыз қалды

Қызылордада дауылдың салдарынан 125 абонент жарықсыз қалды

Қатты дауылдың салдарынан Қызылорда облысында 125 абонент 8 сағаттан астам уақыт жарықсыз отырды,

  • 13 Шiлде 2011
  • 448
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сейсенбі, 12 шілде күні Қызылорда облысында екпіні 20-24 метр/секундқа дейін жеткен қатты желдің салдарынан Арал ауданындағы Тоқабай ауылында клубтың, жергілікті мешіттің, орта мектептің шатыры зақымданды, бір электр бағаны зардап шекті. Осы оқиғаның салдарынан ауыл тұрғындары — 125 абонент жарықсыз қалды. Электр желісі 8 сағаттан кейін қалпына келтірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Төтенше оқиғаның салдарын жоюға 5 адам, 1 техника жұмылдырылды. Қазір оқиға орнында аудандық комиссия жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар