Қызылордада ер адам туған бауырын 7 жерінен пышақтап өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада ер адам туған бауырын 7 жерінен пышақтап өлтірді

Қызылордада ер адам туған бауырын 7 жерінен пышақтап өлтірді

Ұрыстың арты төбелеске ұласады.

  • 7 Ақпан 2018
  • 188
Фото - Caravan.kz

27 жастағы қылмыскер 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kzҚызылорда облыстық қылмыстық істер бойынша сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам туысымен бірге үйде отырып ішімдік ішеді. Бауыры сотталушыға оның жаман адам екенін, әкесін мүлдем құрметтемейтінін айтады. Осыдан кейін екеуі жанжалдасып, ұрыстың арты төбелеске ұласады.

Сотталушы бауырының бетінен ұрып, ары қарай соққыға жығады. Осы сәтте қылмыскер үстел үстінде тұрған пышақты алып, бауырын жеті жерден пышақтайды. Пышақ негізінен өкпесі мен мойын тұсына тиген.


«Қызылорда облыстық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен ер адам ҚР ҚК 99-баптың 1-бөлімі «Кісі өлтіру» бойынша кінәлі деп танылды. Ер адам 12 жылға бас бостандығынан айырылды», — делінген соттың хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар