Жарияланды: 430

Қызылордада "Мерседес" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Астана. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада "Мерседес" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 7 қарашада сағат 00.40-та Қызылорда қаласының Мостовая көшесінде 28 жастағы "Мерседес" жүргізушісі "Бейбарыс" дәмханасының маңында жаяу жүргіншіні қағып кетті. 32 жастағы жігіт жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін