Қызылордада қазандықтағы жарылыстың салдарынан көп пәтерлі екі үй жылусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада қазандықтағы жарылыстың салдарынан көп пәтерлі екі үй жылусыз қалды

Қызылордада қазандықтағы жарылыстың салдарынан көп пәтерлі екі үй жылусыз қалды

Алматы. 31 қаңтар. Қазақстан Бүгін - Қызылордада қазандықтағы жарылыстың салдарынан көп пәтерлі екі үй жылусыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 31 Қаңтар 2008
  • 350
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, бүгінгі сағат 4-те жылыту жүйесінде газ шығу салдарынан жеке ғимараттағы қазандықта жарылыс шықты. Жарылыстан қазандықтың жұмысшысы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «қазандық №43 орта мектеп пен екі тұрғын үйді жылумен қамтамасыз еткен». Сөйтіп, 74 пәтердің тұрғындары жылусыз қалды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы, мен 10 адамы; Қызылорда қалалық «ОСО» МБ-ның 1 арнаулы техникасы мен 3 адамы; ҚР ТЖМ «ЮРАОСО» МБ-ның 1 арнаулы техникасы мен 4 адамы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті