Қызылордада қиыршық тас тиелген 3 вагон рельстен шығып кетті
Қызылорданың Белкүл стансысында, |
кеше сағат 10.06-да №3001 жүк пойызының қозғалысы кезінде қиыршық тас тиелген 3 жартылай вагондар рельстен шығып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, сағат 13.00-де «ҚТЖ» АҚ Қызылордалық жол бөлімінің (25 адам және қайта қалпына келтіру пойызы) күшімен қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Апат орын алған жерге Қызылорда облысы бойынша ТЖД-нің 2 адамы мен 1 техникасы шықты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін