Қызылордада жол полициясының инспекторын қағып кеткен жүргізуші полицияға айыбын мойындай келді
Қызылорда. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада жол полициясының инспекторы Көшербай Мақсұтовты қағып кеткен жүргізуші полицияға айыбын мойындай келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда қаласының Жібек жолы көшесінде 2 қазанда сағат 21.10-да белгісіз бір автокөлік ІІД Жол полициясы басқармасының 25 жастағы инспекторын қағып кетті.
Апат салдарынан жігіт есін жимастан ауруханада қайтыс болды.
"3 қазан күні таңертең жол апатының шығуына айыпты Махамбет ауылының тұрғыны, "Мерседес" көлігінің жүргізушісі полицияға келді. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. 4 қазан күні Қызылордада жол полициясының инспекторы жерленді. Өткен жылы Қызылорда Мемлекеттік университетінің заңгерлік факультетін бітіре сала жол полициясына келген К.Мақсұтов желтоқсан айында 25 жасқа шығуға тиіс еді", - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Дүйсенова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін